Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұған себеп – 6 қыркүйекте Кызылқайрат ауылында болған кісі өлтіру мен кәмелетке толмаған қызды ұрлау дерегіндегі полицейлердің әрекетсіздігі.
Прокуратураның мәліметінше, аталған іс Қылмыстық кодекстің 370-бабы, 4-бөлігі («Лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі») бойынша тіркелген. Оларға бұрын зорлау фактісі бойынша күдікке ілінген азаматты ұстауға шара қолданбаған деген айып тағылып отыр. Кейін дәл осы күдікті елді дүр сілкіндірген қылмысқа барған: ер адамды атып өлтіріп, жас қызды ұрлап әкеткен.
Іс арнайы прокурорлардың өндірісіне қабылданды. Тергеу барысы облыс прокуратурасының ерекше бақылауында, – деп хабарлады ведомство.
Сонымен қатар прокуратура...