Alatau City Bank (бұрынғы Jusan Bank) мемлекеттен алған 50 млрд теңге көмекті мерзімінен бұрын қайтармақ. Ол үшін банк 2017-2019 жылдары қаржы секторы тұрақтылығын сақтау бағдарламасы аясында шығарған бағалы қағаздарын кері сатып алмақ.
Банк акционерлерінің 29 тамыздағы шешіміне сәйкес, қаржы ұйымы екі облигациялық бағдарлама аясында шығарылған бағалы қағаздарын кері сатып алмақ:
Өтімділікті қолдау үшін орналастырылған 1 теңгелік 20 млрд облигация; Банктердің тұрақтылығын арттыру бағдарламасы аясында шығарылған 1 мың теңгелік 30 млн облигация.Осылайша, банк мемлекетке купондық сыйақысымен бірге 50 млрд теңге қайтарады.
Жалпы бұрынғы Jusan Bank – мемлекет қолдау көрсеткен қаржы ұйымдары арасында ең көп көмек мұраға қалған банк...