Тимур Бөкейханұлы Әбілқасымов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл жайлы агенттік сайтында жазылған.
2024 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Т.Б. Әбілқасымов Агенттік Төрағасының орынбасары лауазымын атқарды, онда екінші деңгейдегі банктерді қадағалап бағалауға, қадағалау технологияларын дамытуға, жасанды интеллект пен іс-қимылды қадағалауды енгізуге жетекшілік етті. Сондай-ақ Т.Б. Әбілқасымов Қазақстанның банк жүйесін жаңғыртуға және орнықтылығын арттыруға бағытталған «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа Заңды дайындау мен әзірлеуді үйлестірді.
2012 жылы Қазақстанның Менеджмент, экономика және болжам институтын (ҚМЭБИ) «Бизнес экономикасы және мемлекеттік саясат экономикасы» мамандығы бойынша бітірді. 2015 жылы London Metropolitan University-де (Ұлыбритания) тәуекелдерді басқару саласында MBA дәрежесін алды.
...