Душанбеде өткен Батыс Азия чемпионатында қазақстандық жас шахматшылар 39 медальға ие болды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Душанбеге барған Қазақстанның жас шахматшылары керемет табысқа жетті. 8-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы 2025 жылғы Батыс Азия чемпионатында 39 медаль жеңіп алды! Оның 16-сы алтын, бұл турнирдің үздік нәтижелерінің бірі», – делінген баспасөз хабарламасында.
Федерация мәліметінше, бұл сайысқа 13 елден 391 шахматшы қатысқан. Чемпионатта Қазақстан құрамасы рапид, блиц пен классика ойындары бойынша қатысқан.
Нәтижесінде:
Рапид: 7 алтын, 3 күміс, 4 қола, барлығы 14 медаль; Блиц: 5 алтын, 3 күміс, 1 қола...