Қытай мемлекеттік кеңесі 27 сәуірде тағы 10 атом реакторын салу жөнінде шешім қабылдады. Бейжің ядролық қазандықтарына қажетті уранды Қазақстаннан сатып алып отыр.
Қытай атом өнеркәсібінде әлемде бірінші болуға ұмтылады
2022 жылдан бері Қытай жылда кем дегенде 10 ядролық реактордан салу жөнінде шешім қабылдап келеді. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, қазір бұл елде 30 атом қазандығының құрылысы жүріп жатыр. Бүкіл әлемдегі реакторлардың жартысы Қытайда орналасқан. 2030 жылға қарай аспан асты елі АҚШ-ты басып озып, әлемде атом энергиясын өндіру жөнінен бірінші орынға шығады.
Қытайдың The Paper басылымы кейінгі 10 реактор құны 200 млрд юань (27 млрд доллар) тұратынын жазды. Оларды...