Елімізде тұрмысы жақсы көпбалалы отбасыларға мемлекеттен қосымша көмек көрсетілмеуі мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.
Министр республикалық бюджеттен төленетін барлық төлем – зейнетақы, мүгедектік бойынша жәрдемақы, асыраушысынан айырылуына байланысты төленетін жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Батыр ана» атағын алған, басқа да ордендермен марапатталған әйелдерге төленетін жәрдемақы өзгермейтінін айтты.
Ал жергілікті атқарушы органның бюджеті есебінен көрсетілетін қолдау қайта қаралады.
«Ел бойынша жағдайды қарастырғанда, астанадан алыстаған сайын стандарт төмен екенін көреміз. Мысалы, Астанада кейбір санаттағы азаматтарға төлемдер жоғары көлемде жасалса, өңірлерде жергілікті атқарушы органдар тек республикалық бюджетпен шектеліп, қосымша қолдау көрсетпейді. Тек...