Әлемдегі ең ірі Blackrock инвестициялық компаниясы Тимур Турлов иелік ететін Freedom Holding-ке 89 млн доллар көлемінде инвестиция құйды. Осылайша, америкалық алпауыт қазақстандық кәсіпкерге тиесілі компанияның екінші ірі акционері атанды.
Әлемдегі ең ірі басқарушы компания саналатын BlackRock соңғы есептік кезеңде Freedom Holding Corp.-тағы үлесін 0,85%-ға дейін ұлғайтқан. Bloomberg басылымының мәліметінше, компания шамамен 89 млн доллар көлемінде инвестиция құйған. Солайша BlackRock бір тоқсан ішінде позициясын 443 965 акцияға өсірген. (Солайша жалпы акцияларының саны 520 565-ке жеткен)
BlackRock-пен қатар холдингтің ірі акционерлері қатарында жаһандық инвестициялық алпауыттар да бар. Оның бірі корпорацияға 31,9 миллион доллар инвестиция салған State Street Corp. Аталмыш компанияның акциясы...