«Жаңа Қазақстан жаңа көшеден, жаңа оқу жылының қарсаңында бастады», «Оларға айтыңдаршы, Шыңғысқан алтынын мұнда тықпады», «Жаз бойы не істеді сонда». Бұл Алматы көшелерінде жүріп жатқан жөндеу жұмыстарына қатысты қала тұрғындарының әлеуметті желіде жазғанының бір парасы ғана. Пікір жазушылар арасында ремонтты қолдап жатқаны жоқтың қасы. Ал нақты жөнделіп жатқан учаскелердегі жұрттың пікірі қандай, қай көшелер жабық әрі олар қашан ашылады, жөндеу жұмыстары көлік қозғалысына қалай әсер етеді, осы және өзге де сұрақтардың жауабын табу үшін KursivMedia түсірілім тобы жөнделіп жатқан қала көшелерін аралады.
Жаңалықтар
2025 жылдың қаңтар–шілде айларында қазақстандық банктердің таза пайдасы 1,6 трлн теңгені құрады. Оның ішінде тек шілде айында 262 млрд теңге тапқан деп хабарлайды Ұлттық банктен.
Ең табысты банктер рейтингінде өзгерістер болды. Мәселен, Банк ЦентрКредит екі сатыға көтеріліп, үшінші орынға шықты. Оның айлық табысы 54 млрд теңгені құрап, маусым айымен салыстырғанда 30%-ға артқан.
Alatau City Bank (бұрынғы Jusan) төртінші орында қалды – 14,5 млрд теңге. Ал ForteBank бесінші орынға түсті. Оның айлық табысы маусымдағы 25,3 млрд теңгеден шілдеде 11,4 млрд теңгеге дейін едеәуір азайған.
Шілде айындағы таза пайда бойынша ТОП-5 банк:
Halyk Bank – 99 млрд (жыл басынан бер...Жақын арада атаулы әлеуметтік көмекті кімге беру керектігін шенеуніктер емес, арнайы алгоритм шешуі мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жасанды интеллект негізінде жүйені сынақтан өткізіп жатыр. Алғашқы нәтижелерге қарағанда, бұл жүйе жақсы жұмыс жасап жатыр. Бұл туралы ОКҚ брифингінде вице-министр Олжас Анафин мәлімдеді.
«Модель нақты деректер негізінде оқытылды.т Биылдың өзінде FSM Social қосымшасы арқылы 100 мың отбасының тұрмыс жағдайы тексерілді. Өтініш берушілердің көпшілігі өз үйлерінің суреттерін тіркеген, ал жүйе дәл осы суреттер арқылы отбасының көмекке қаншалықты мұқтаж екенін анықтауды үйренді. Қазірдің өзінде дәлдік деңгейі 90%-дан асты», – деді Анафин.
Айта кетейік, алгоритм өтініш берушін...
Ресейде инфляция қарқын алып барады. Көрші елдегі инфляция Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді? Ресей инфляциясының елдегі азық-түлік бағасына әсері бола ма? Бұл сұраққа базалық мөлшерлемеге қатысты өткен брифингте Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов жауап берді.
«Қазіргі таңда сарапшылар Ресейде инфляция қарқын алады деп топшылап отыр. Ресей инфляциясының импорты Қазақстанға қалай әсер етеді? Қанша дегенмен біздің импорттың 30%-ы сол елден келеді», – деді журналист.
Сүлейменов Ресейдің азық-түлік инфляциясына қатысты нақты есеп жүргізілмегенін айтты. Десе де, ол елдегі инфляциялық ахуалдың Қазақстанға қалайда әсері болатынын жасырмады.
«Сандар мәнінде нақты ештеңе...
Банктер жақын арада мемлекеттен алған көмегін ондаған миллиард теңгемен қайтарады. Қазір олармен келіссөздер жүріп жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов айтты.
«Бұл өте жақсы бастамалар. Жақын арада басқа банктер де мемлекеттен алған көмекті қайтара бастайды. Нақты қандай банктер екенін айтпай-ақ қояйын. Ондаған млрд теңге деген сома болады. Мемлекет көмегін алған банктермен келіссөздер жүйелі өтті дей аламын. Түсіністік танытып, мемлекеттік позицияны ұстанғандарыңыз үшін алғыс айтамыз», – деп атап өтті Сүлейменов.
Еске салайық, 11 тамызда Bank CenterCredit мемлекеттен алған 30 млрд теңге көмекті қайтарды. Жалпы, банк 60 млрд теңге қарыз алған. 2024 жылы...
Әнші Мирас Жүгінісовтің 7 қыркүйек күні Алматыдағы Орталық стадионда өтуі тиіс болған үлкен концерті кейінге қалдырылды. Бұл туралы Мирас өзінің парақшасында жариялады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, белгілі бір себептерге байланысты концерт жақын арада басқа күнге шегеріліп отыр.
«Бұл шешімді қабылдау біз үшін оңай болған жоқ. Тыңдармандарымызға ең жоғары деңгейде шоу сыйлау – басты мақсатымыз. Сол үшін барлық дайындықты сапалы өткізу мақсатында уақытты қайта қарастыруға мәжбүр болдық», – делінген ресми хабарламада.
Әнші жанкүйерлерінен күтпеген жағдайға байланысты кешірім сұрап, түсіністікпен қарауды өтінді. Сонымен қатар, сатып алынған барлық билеттер жаңа күнге жарамды болатыны және нақты мерзімі қосымша хабарланатыны айтылды.
Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы қаражатты жымқырды деп айыпталған «Казспецэкспорт» РМК-ның бас директоры Арман Рамазановқа үкім шыққанын хабарлады.
Істі Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты қараған.
Істің мән-жайы
2023 жылы Қаржылық мониторинг агенттігі «Қазспецэкспорт» РМК-ның лауазымды тұлғалары мен теріс пиғылды жеткізушілерді ұстаған. Оларға әскери мақсаттағы өнімдерді сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды және сыбайлас жемқорлық деректері бойынша айып тағылған.
Мемлекетке келтірілген залал 1,6 млрд теңгеден асқан.
«Сот үкімімен «Қазспецэкспорт» РМК бас директоры Рамазанов А.К. 11 жылға бас бостандығынан айырылды, ал кәсіпорынның департамент директоры Кудабаев А.Т. – 10 жылға сотталды...
Президент Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Оның ішінде ардагер-құқықтанушы, әр жылдары Жоғарғы Сот төрағасы болған Қайрат Мәми «Отан» орденімен марапатталды. Ал ардагер-құқықтанушы Асхат Дауылбаев пен Игорь Рогов І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды.
ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды:
Эльвира Әзімова – Конституциялық Соттың төрағасы
Жолымбет Бәйішев – «Тұран» университеті» мекемесінің профессоры
Ержан Жиенбаев – Президент көмекшісі
Виктор Малиновский – «Нархоз университеті» КеАҚ конституциялық экономика орталығының директоры
Асламбек Мерғалиев – Жоғары сот төрағасы
Константин Петров – Орталық сайлау комиссиясы төрағасының экс-орынбасары.
«Парасат» ордені берілді:
Есберген Алауханов – құқықтанушы
Зәуреш Баймолдина – «Нархоз университеті» КеАҚ Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер институтының Астана орталығының басшысы
Қуаныш Балтабаев – «Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ профессоры
Георгий Ким – «Қазақстан...
28 тамыз күні Шымкент қаласы Желтоқсан көшесінің бойында орналасқан қалалық полиция департаментінің маңында әйел адамды көлік қағып кетті. Әйел оқиға орнында қайтыс болған.
Қалалық полиция департаментінің дерегінше, әйелді соққан көлікті полиция қызметкері жүргізген. Бейресми мәліметке қарағанда, ол Абай аудандық полиция бөлімінде жедел уәкіл болып жұмыс істейді. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
«Әйел адам ағаштардың арасынан кенеттен жүгіріп шығып, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жүргізуші тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталмады: ол масаң күйде болмаған және жылдамдық режимін сақтаған», – делінген полиция хабарламасында.
Департамент кешенді тергеу іс-шаралары басталғанын мәлімдеді. Оның қорытындысы...
Қазір нарықтағы ипотека бойынша 25% жылдық сыйақы мөлшерлеме қалыпты ма? Ипотеканы қай кезде алған дұрыс? Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бүгінгі жиында осы сұрақтарға жауап берді.
«Ипотека бойынша 10-15 жылға 25% ЖТСМ (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлеме) деген өте жоғары мөлшерлеме. Бұл жерде өте үлкен артық төлем бар. Қазақстандағы қарапайым отбасының оған шамасы жете ме – үлкен сұрақ. Мұнда әлеуметтік тұрақтылық және банктің қаржылай тұрақтылығы деген сұрақ туындайды», – дейді ол.
Ол азаматтарға мүмкіндігінше мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды пайдалануды немесе нарық тұрақталғанша күте тұруға кеңес береді.
«Барынша мемлекеттік бағдарламаларды қолданған...
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде мадридтік «Реалға» қарсы ойнайды. Испан басылымдары Қазақстанға болатын сапарды «әлемнің шетіне бару» деп сипаттап, алматылық клубты басты сенсациялардың бірі ретінде атады.
AS газеті «Қайратты» Чемпиондар лигасы тарихындағы ең шығыста орналасқан клуб деп атап, Испаниядан Алматыға жолдың қиындығын ерекше атады:
«Бұл – Чемпиондар лигасының тарихындағы ең шығыстағы команда. Қытай шекарасына жақын орналасқан. Мұнда бару – нағыз сынақ», – деп жазды басылым.
Marca басылымы да Мадрид клубын күтіп тұрған сапарды «ең қиын саяхат» деп бағалап, «Реалдың» Қазақстанға алғаш рет баратынын еске салды.
Испанияда Анарбековті «қаһарман» деп...
Үкімет Ұлттық қордан жыл сайын нысаналы трансферт алуын тоқтатса, Ұлттық қор қаражаты қаншалықты артады? Бұл сұраққа базалық мөлшерлеме бойынша өткен брифинг барысында Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов жауап берді.
«Нысаналы трансферт алынбаса, Ұлттық қордың қаражаты 2030 жылға қарай 100 млрд долларға жете ме?» – деп сұрады журналист.
Тимур Сүлейменов оған түрлі факторлар әсер етуі мүмкін екенін айтты. Оған бірінші кезекте мұнай бағасы әспре етеді. Сонымен бірге экспорт пен импорт көлемі, алынатын трансферт көлемі қордағы қаражаттың өсіміне айтарлықтай ықпал етеді.
«Осы аптада үкімет Ұлттық қордың қалай өсетіні туралы...
Елімізде демалыс күндері күн салқындайды. Синоптиктер болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді.
«Солтүстік пен шығыста күндіз сынап бағаны +12…+17 градусқа дейін төмендейді. Тіпті оңтүстік өңір тұрғындары да күздің жақындағанын сезінеді», – делінген ақпаратта.
Осылайша аптап ыстықтың беті қайтып, +23…+28 градус жылы болады.
«Тек еліміздің батысында ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, +32…+37 градусқа дейінгі қатты ыстық болады», – делінген синоптиктер болжамында.
Айта кетейік, бұған дейін Қазгидромет 29-30 тамызға арналға ауа райы болжамын жариялады.
Әлемде азық-түлікке деген сұраныс көбейіп жатыр және ол қазақстандық нарыққа, бағаға әсер етпей қоймайды. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ет бағасының өскенін осылай түсіндірді.
«Біз әлемдік нарықтың бір бөлшегіміз. Қазір әлемде етке, майға деген сұраныс жоғарылады, сол нарықтың бір бөлшегі ретінде оны сезіп отырмыз», – дейді ол.
Ол баяндамасында ет және өсімдік майының бағасы рекордтық деңгейге жеткенін атап өтті. Бірақ тұрғындар осы баға деңгейін қабылдауы қажет деп есептейді.
«Баға қандай – сондай. Бізде басқа ет жоқ. Нарықта еттің келісі 3500 теңгеден, одан басқасын таба алмайсыз. Ауылдан мүмкін делдалсыз әкеліп...
2025 жылдың жеті айындағы дерек бойынша, Ұлттық банк Ұлттық қорды басқара отырып 4,6 млрд доллар табыс тапты. Кейбір сарапшылар айтқандай инвестициялық табыс минуста дегенге келмейді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.
Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені бойынша қабылданған шешімді түсіндіруге арналған жиында Сүлейменовке Ұлттық қордың кірісі бойынша сұрақ қойылды. Журналистердің сөзінше, кейбір сарапшылар инвестициялық кірісі жағынан қор шығынға батып жатыр деп есептейді.
«2025 жылдың қаңтар-шілде айындағы есебі бойынша, Ұлттық банк қорды басқара отырып 4,6 млрд доллар табыс тапты. Табыстылық тұп-тура 8%-ды құрады, бұл доллармен есептегенде. Ұлттық қорда инвестициялық кіріс бойынша ешқандай шығын жо...
Астана қаласында 2025-2026 оқу жылында 1 сыныпқа 31 мың оқушы барады. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Қайырбаева айтқан.
«Жаңа 2025-2026 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныбына 31 мың баланы қабылдау жоспарланған болатын. Бүгінгі күні 30 057 бала қабылданды, оның ішінде мемлекеттік мектептерге 26 666, жекеменшікке 3 190 мың үш жүз тоқсан бала қабылданды», – деді басқарма өкілі.
Қайырбаеваның айтуынша, Астана қаласында 2025-2026 оқу жылында 206 орта білім беретін ұйым бар, оның ішінде 122-сі – мемлекеттік, 77-сі – жекеменшік, 7-еуі – республикалық екен.
Түркияның «Фенербахче» футбол клубы бас бапкер Жозе Моуриньюмен ресми түрде қош айтысты. Бұл шешім команда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен өте алмағаннан кейін қабылданды.
Чемпиондар лигасындағы сәтсіздік
Ыстанбұлдық клуб плей-оффта Португалияның «Бенфикасына» жол берді. Алғашқы ойында тең есеп (0:0) тіркелсе, қарымта кездесуде «Фенербахче» өз алаңында 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Осы нәтижеден кейін команда Еуропаның басты клубтық турнирінің топтық кезеңіне шыға алмады. Бұл жайт португалиялық маманның тағдырын шешті.
«Фенербахче» қысқаша ресми мәлімдеме жасап, Моуриньюге клубқа сіңірген еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы бапкерлік жолына табыс тіледі. Жаңа бас жаттықтырушының есімі әзірге жарияланған жоқ. Түрік басылымдарының хабарлауынша, клуб қазір бірнеше кандидатпен...
Қапшағай маңындағы «Көшпенділер қалашығы» Қонаев қаласының меншігіне өтті. Бұл туралы Қонаев қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Көшпенділер қалашығы» Қонаев қаласының меншігіне қайтарылды. Бұған дейін нысанға Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы иелік еткен», – делінген баспасөз хабарламасында.
Қонаев қаласының басшылығы «Қазақфильм киностудиясымен бірқатар келіссөздер жүргізген. Нәтижесінде киностудия мөз меншігіндегі декорациялық кешенді сыйға тарту шартымен беруге келіскен.
Әкімдік мәліметінше, бүгінгі күні қалашық біршама тозған. Кейбір жабдықтары сынып, алғаш салынғандағы келбетін жоғалтқан.
Іле өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан нысан аумағы 5,8 гектарды құрайды. Баланстық құны – 15 402 000 теңге.
Енді бұл қалашық Қонаев қаласының труистік...
13-14 қыркүйекте бір мезетте Қазақстанның 20 қаласында еліміздегі ең ірі офлайн-хакатон өтеді. Шара Astana Hub пен Blockchain & AI Technology Center және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өтеді.
Decentrathon 4.0 хакатонына 2500-ден астам қатысушы жиналады. Олардың қатарында оқушылар, студенттер, кәсіпкерлер мен тәжірибелі IT-мамандар бар.
Хакатон тақырыбы – жасанды интеллект. Қатысушылар AI-жобаларды әзірлеу, құрастыру және дайын шешімдерді таныстыру бойынша өз мүмкіндіктерін сынап көреді.
«Әр бастамамыз Қазақстан жері талантқа бай екенін айшықтайды. Жас дарындар батыл ойлап, дәстүрден тыс шешім ұсынып, әлемдік деңгейдегі технологиялармен жұмыс істей алатынын көріп отырмыз. Мақсатымыз – болашағы зор жастарды...
Президент Қ.Тоқаев конституционализм ешқашан бір орында тұрмайтынын мәлім етті.
Оның сөзінше, геосаяси тұрақсыздық белең алып, технология көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан кезеңде заңнаманы ұдайы жаңғыртудың маңызы зор.
Жаппай цифрландыру және жасанды интеллект мемлекет пен қоғамды өркендетудің мүлдем жаңа ұғымдары мен тәсілдерінің пайда болуына ықпал еткен.
«Көптеген елде адамның рөлі мен орны, жалпы оның постгуманистік әлемде тіршілік етуі жөнінде қоғамдық және парламенттік пікірталастар қызу жүріп жатыр. Биотехнологияның жедел дамуы да біраз сұрақ туындатады. Оның салдары күрделі құқықтық коллизияға және қалыптасқан этикалық нормалардың ескіруіне әкеліп соғуда», – деді ол Конституциясының 30 жылдығына арналған конференцияда.
Президент за...
Әлібек Жамауов «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Ол бұған дейін энергетика вице-министрі болған.
Әлібек Жамауов туралы не белгілі
Жамауов 1981 жылы Атырау қаласында туған. Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2005 жылы «Agip Kazakhstan Caspian Operating» компаниясында кіші кеңесші ретінде бастады.
2006-2009 жылдары аталған компанияда кеңесші, супервайзер қызметтерін атқарған.
2009-2015 жылдары – «Жамбыл Петролеум» ЖШС менеджері болған. 2015-2019 жылдары – «Жамбыл Петролеум» ЖШС атқарушы директоры, 2019-2020 жылдары – «PSA» ЖШС техникалық тобының жетекшісі, 2020-2023 жылдары бас директордың орынбасары қызметін атқарды.
Мемлекет ата-аналар шоттарына мектеп формасы, аяқ қиімдері мен оқу-құралдарын сатып алуға 25,3 млрд теңге аударған.
Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, бұл қаражат «Жалпыға бірдей білім беру қоры» арқылы аударылған. Министрлік алдағы оқу жылына оқушылардың 100% қамтылғаны туралы есеп берді.
«Жаңа оқу жылының қарсаңында әлеуметтік осал санаттағы оқушылардың барлығы «Жалпыға бірдей білім беру қоры» аясында толық қамтылды. Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне, сәйкес ата-аналардың және заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алуға 25,3 млрд теңге аударылды», – делінген министрліктің хабарламасында.
Ведомствоның есебінше, 500 мыңнан астам балаға қолдау көрсетіліп отыр. Бұл көмек жетім балалар мен...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйлеп, Ата заңның қабылдануында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне әділ баға беру қажеттігін атап өтті.
Тоқаев өз сөзінде Ата заңның ел тарихындағы орны мен маңызына тоқталды.
Президенттің айтуынша, осыдан 30 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция егемен Қазақстан үшін тарихи сәт болды.
«Шын мәнінде, Ата заңнан биік ештеңе жоқ. Конституция – мемлекеттігіміздің мызғымас тұғыры, Тәуелсіздігіміздің айнымас темірқазығы», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақ халқы ежелден заңға бас иген, ар-ұяттан аттамағанын айта келе, Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы және Әз Тәукен...
Президент Қ.Тоқаев ел Конституциясының 30 жылдығына арналған конференцияда сөйлеген сөзінде Ата заңға енгізілген өзгерістер туралы айтты.
Тоқаев 2022 жылы жүргізілген реформаны Қазақстанның конституциялық құрылымы тарихындағы ең мазмұндысы ретінде сипаттап, оған сол кезеңдегі өте күрделі саяси жағдай себеп болғанын атап өтті.
«Осы шешімнің арқасында бүгін Конституцияның 30 жылдық мерейтойын атап өтіп отырмыз. Дегенмен жаңа саяси жағдайға, қоғамды жан-жақты жаңғырту міндеттеріне сай келмейтін Конституциядағы ережелер референдум арқылы жойылды. Сондықтан нақты реформаның нәтижесінде Конституция баптарының үштен бірі жаңартылды. Бұл – конституциялық реформа ауқымының айқын көрсеткіші. Көп жылдан бері қоғамның көкейінде жүрген Әділдік, Ашықтық, Есептілік, Жауапкершілік қағидаттары Ата заңда...