Мемлекет меншігіндегі 500-ге тарта компания жекенің қолына өтпек. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.
Қазіргі таңда Ұлттық жекешелендіру тізімі жасалып жатыр. Бұл тізімге әзірге 461 нысан енген.
Тізім Экономиканы жаңғырту жөніндегі комиссияға ұсынылып, Реформалар жөніндегі Жоғары кеңес қараған соң, Жекешелендіру кешенді жоспарына енгізілмек.
Жекешелендіру процесі 2028 жылдың соңына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында арнайы мониторинг жүйесі енгізіліп, әрбір нысанның жаңа меншікке өтуі қатаң бақылауда болады. Жол картасы дайындалып, уәкілетті мемлекеттік органдар есеп беріп отырады.
Бұл өзгерістер бәсекелестікті арттырып, инвестициялық тартымдылықты күшейтіп, мемлекеттік сектордың ықпалын азайтуға бағытталған.
Егер бұл компаниялар сатылса, Ұлттық қорға 1,4 трлн теңге қаражат...