Hyundai Elantra 2025 жылғы жаңартылған нұсқасының суреттерін жариялады. Бұған дейін тек қалың камуфляжбен жабылған көлік кузовын ғана көруге мүмкіндік болса, енді камералар алғаш рет ішкі салонды да көрсетті.
Басты жаңалық, Hyundai-дың жаңа Pleos OS операциялық жүйесіне негізделген мультимедиа. Орталықта – үлкен экран, ал цифрлық аспаптар панелі кішірейіп, алдыңғы әйнекке жақын орналасқан. Ал маңызды мәліметтер проекциялық дисплейге шығарылады.
Айта кетйік мұндай тәсілді Toyota да өз электр көліктерінде қолданып жүр. Ал дәстүрлі түймешелер сақтала ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.
Pleos OS жүйесі дауыс арқылы басқаруға басымдық береді, орнатылған нейрожүйе командаларды күнделікті сөйлесу стилінде түсіне алады. Яғни көлік жүргізушімен «еркін тілдесетін»