Түркістан облыстық жедел жәрдем станциясының фельдшері 26 жасар Құдырет Мүтәліпов соққыға жығылды. Ол шақыртумен жүкті әйелге көмек беруге барған. Әйелді тексеріп жатқанда науқастың күйеуі оны ұрып-соққан. Мүтәліповтің миы шайқалып, ауруханаға түскен.
Оқиға қалай болды?
Оқиға кеше таңертең болған. Мүтәліповпен бірге тәжірибеде жүрген Жанел Қуанышбек болған.
«Негізі жүкті әйелге бардық. Оны төсекке жатқыздық. Қасында анасы мен күйеуі болды. Әйелдің соқыр ішек болған, болмағанын білу ішін саусақпен басып тексерді. Осы кезде күйеуі қызғанып, қыз тексерсін деп талап етті», – дейді Қуанышбек.
Оның сөзінше, Мүтәліпов бұған келіспеген. Ол науқасты қарап, ауруханаға жатқызу үшін оған бірнеше сұра...