Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің еңбекке жарамсыздық парағы 6 айға дейін сақталады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары әрі ресми өкілі Сәрсен Құранбек хабарлады.
«Руслан Берденовтің жұмыстан кетуі туралы бұйрық әлі шыққан жоқ. Ресми түрде ол кісі еңбекке жарамсыз парағын аштырған. Емделіп жатыр. Әлі күнге әкімдіктің құрамында. Денсаулығымен айналысамын деп шешкен болса керек. Ресми түрде бұйрық шықпайынша біз ол кісіні қала әкімінің орынбасары деп есептейміз», – деді Сәрсен Құранбек.
Сәрсен Құранбектің сөзінше, кез-келген облыс, Алматы, Астана, Шымкент қаласында әкімінің бес орынбасары бар. Бұл заңмен бекітілген. Қазір Шымкентте қала әкімінің үш орынбасары жұмыс істеп жатыр. Қалған...