Apple алдағы үш жыл ішінде iPhone смартфондарының желісінде ауқымды өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Bloomberg шолушысы Марк Гурман хабарлады.
Оның алғашқы кезеңі биыл қыркүйекте таныстырылатын iPhone 17 Air моделінің нарыққа шығуы болмақ. Бұл смартфон iPhone 16 Plus-тың ізбасары ретінде ұсынылады және ультражұқа әрі минималистік құрылғы ретінде сатылады.
Басты ерекшеліктеріне келер болсақ, артқы жағында бір ғана камера болады, Apple шығарған модем, шағын аккумулятор және SIM-карта үшін физикалық ұяшық алып тасталып, оның орнына eSIM-нің қолданылады.
2026 жылы Apple ішкі атауы V68 деп белгіленген алғашқы бүктелетін смартфонын таныстыруды жоспарлап отыр.
Ал 2027 жылы Apple iPhone брендіне 20 жыл толуына...