Әлеуметтік кодекске сәйкес, 5 және одан көп бала туған немесе асырап алған, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.
Зейнетақы тағайындауда не ескеріледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жасы бойынша зейнетақы мөлшері еңбек өтіліне және зейнетке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысқа байланысты.
Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде төмендегідей жағдайлар ескеріледі:
Еңбек шарты бойынша ақы төлейтін жұмыс істеу; Басқа адамның көмегіне мұқтаж І топтағы мүгедектігі бар адамға, ІІ топтағы мүгедектігі бар жалғызбасты адамға және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамдарға күтім жасаған...