Шанхай қаласында өтіп жатқан ірі автокөрмеде жаңартылған, бағасы арзан Geely Panda Mini автокөлігін көрсетті. Ол Қытайда сәуірден бастап сатылып жатыр. Суреттерді dongchedi.сом порталы жариялады.
Сұранысқа ие электромобиль моделі алғаш рет екі жыл бұрын саудаға түскен. Бұл жолы өндіруші электрокардың бірнеше жерін өзгерткен.
Geely Panda Mini бағасы
2023 жылы алғаш рет автонарыққа шыққан уақытта шағын ғана көлік сол кезде 40 мың юань немесе шамамен 2,7 млн теңгеге бағаланған еді. Ал осы айда автобазарға шыққан жаңасы бар болғаны 49 900 юань немесе 3,5 млн теңге тұрады.
Бұл жолы Panda Mini автокөлігінің артқы жағына аэродинамиканы жақсартатын қанатша қосылды. Сол арқылы электрокардың автономды...