Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов химиотерапияға қажет дәрілер туралы жазба жариялады.
Министрдің жазуынша, «Халық денсаулығы туралы» кодексте әрбір азаматтың тегін дәрімен қатар, қосымша төлем арқылы өзіне қажет дәріні таңдау құқығы айқын көрсетілген. Яғни, мемлекет белгілі бір дәріні тегін береді, бірақ егер науқас сол диагнозға арналған басқа – жиі түпнұсқа немесе бағасы жоғарырақ дәріні алғысы келсе, оның бағасындағы айырмашылықты өзі төлеп, сол дәріні алуға құқылы. Алайда бұл норма тек қағаз жүзінде қалды. Іс жүзінде ол толыққанды жұмыс істемейді.
«Бірнеше пилоттық жоба басталғанымен, үлесақы тетігі науқасқа дейін жетпей отыр. Адамдарға бұл жүйенің пайдасын көру мүмкіндігі берілмей келеді. Бұл...