Екінші деңгейлі банктер тек азаматтарға несие берумен ғана айналыспай, экономикадағы ірі жобаларға да қаржы салуы керек. Тоқаев Ұлттық банк пен үкіметке осы мәселені шұғыл орындауды тапсырды.
«Қазақстандағы банктердің қаражаты мен активтері дамыған елдерге қарағанда орта есеппен бірнеше есе көп пайда әкеледі. Себебі біздің банктер экономикаға несие бергеннен гөрі қаржылай тәуекелі төмен бағыттарға ақша салғанды жөн көреді. Осы мәселені депутаттар, сарапшылар көтеріп жүр. Ұлттық банк пен үкімет банктердің ақшасын экономикаға барынша тартудың тиімді тәсілдерін табу қажет. Енді бұл мәселені созуға болмайды, шұғыл шешу керек, – деп тапсырды президент
Осы мәселені реттеу үшін банктер туралы жаңа...