Жамбыл облыстық соты жұмысында алмастыратын адам болмағандықтан, декреттік демалысқа шыға алмаған полиция қызметкерінің құқығын қорғады.
Талап қоюшы 2019 жылы үйленіп, 3 бала тәрбиелеп отыр. Кіші қызы 2023 жылдың жазында дүниеге келгенде полиция департаментіне декреттік демалыс беру туралы арыз түсірген.
Алайда оның арызынан жеке құрам қызметкерлерінің жетіспеуіне байланысты бас тартқан.
Сот талап қоюшының науқас баланы күту бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы барын, жұбайы кәсіпкер екенін анықтаған.
Сот сондай-ақ жауапкердің жеке құрамның жетіспеушілігі, көптеген лауазымдар бос тұрғаны туралы дәлелдерін дәрменсіз деп тапқан.
«Қызметкер жынысына және басқа жағдайларға қарамастан декреттік демалысқа шығуға құқылы. Сот полиция департаментінің әрекеттерін заңсыз...