Chery компаниясы жаңартылған QQ Ice Cream 205 Sundae Edition электромобилін нарыққа шығарды. Бағасы шамамен бұрынғыдай 5 мың долларды (2,6 млн ) ғана құрайды. Ал техникалық мүмкіндіктері айтарлықтай күштірек бола түсті. Мәселен енді көлік бір зарядпен 205 шақырымға дейін жүре алады.
Айта кетейік бұл модель өте шағын, оның ұзындығы 3 метрден сәл ғана асады, ал дөңгелектерінің арасындағы қашықтық 2 метрге де жетпейді. Дегенмен сырт келбеті заманауи әрі ойнақы көрінеді.
«Қос түсті кузов пен салонда опциялар жиынтығы көбейген. Мұнда Android негізіндегі 9 дюймдік сенсорлы экран, артқы көрініс камерасы, Bluetooth, Wi-Fi, кондиционер, тіпті дауыс арқылы басқару жүйесі де бар. Мұндай...