Зейнетақы қорындағы жеткілікті шектен асатын артық ақшаны баланың еміне жұмсауға болады. Денсаулық сақтау министрлігі «Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулыға осындай өзгеріс енгізді. Бұл өзгеріс 27 сәуірден өз күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың қолы қойылған бұйрыққа сәйкес, емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидалары біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібін айқындайды.
Жаңа тәртіп бойынша, енді зейнетақы жинақтарын кәмелетке толмаған балалардың еміне жұмсауға болады. Қандай еш-домға жұмсауға болатыны қаулы қосымшасында жазылған.
Қандай аурулардың еміне зейнетақы жинағын алуға болады?
Қаулыға сәйкес, біржолды зейнетақы төлемін сирек кездесетін ауралардан бастап, көз емдеуге дейін...