ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген, құны 1,8 млрд теңге тұратын зәулім сарай аукционда сатылмады. Үйді сатып алуға ниеттілердің болмауына байланысты 25 ақпанға белгіленген сауда-саттық өтпеген.
Зәулім сарайды Қайтарылған активтерді басқару компаниясы сатылымға шығарған. Бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге деп белгіленген. Сатып алуға ниетті адамдар 117,9 млн теңге кепілдік жарнасын төлеуі шарт болған.
Лот сипаттамасында тұрғын үй Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданының Ерейментау көшесі, 1-ғимаратта орналасқаны көрсетілген.
Жалпы ауданы 2877,7 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде тұрғын ауданы 347,2 шаршы метрге тең. Жалпы аумағы 0,9475 гектар және 0,2713 гектар болатын жері бар. Тұрғын үймен қоса...