15 сәуір күні Астанада ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Оңтүстік Кореяның Ұлттық мұнай корпорациясы (KNOC) делегациясымен кездесу өткізді. Кездесуге корея тарапынан аға атқарушы вице-президент Квак Вонджун жетекшілік етті.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, кездесу барысында келесі тақырыптар талқыланды:
KNOC-тың Қазақстандағы еншілес ұйымдарының («Кен-Сары» ЖШС, «Меербуш» ЖШС, «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.») қазіргі операциялық қызметі; Шикі мұнайдың ішкі нарыққа және экспортқа жеткізілуі; Мұнай өңдеу зауыттарына тұрақты жеткізілімі арқылы елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Министр Ерлан Ақкенженов KNOC-тың Қазақстандағы мұнай-газ саласына қосқан үлесін жоғары бағалады. Сондай-ақ, мұнай өндіру көлемінің азаюы мен өңдеу қуаттарының артуы жағдайында ішкі нарықты шикі мұнаймен қамту бойынша міндеттемелердің маңызын атап өтті.