2025 жылдың екінші тоқсанында Қазақстандағы бизнес пен халық тарапынан несиеге деген жиынтық сұраныс бірінші тоқсан деңгейінде сақталды. Бірақ сегменттер бойынша айтарлықтай айырмашылық байқалды. Бұл туралы Ұлттық Банктің екінші деңгейлі банктер арасында жүргізген тоқсандық сауалнамада жазылған.
Ірі бизнес қарқынын бәсеңдетті
Есепті кезеңде ірі бизнес тарапынан несиеге деген сұраныс 15%-ға төмендеді. Сарапшылар мұны екі негізгі факторға байланыстырады:
ірі кәсіпорындарға арналған мемлекеттік қолдау бағдарламаларының шектеулі болуы; мемлекеттік даму институттарының тікелей қаржыландыруды банктерге қарағанда тиімдірек шарттармен ұсынуы.Осының нәтижесінде ірі бизнес берген өтінімдер саны 200-ге дейін қысқарды, бірақ өтінімдердің орташа көлемі 12,9 млрд теңгеге дейін (+12%) өсті. Бұл ірі кәсіпорындардың көлем...