Қазақстанда банктер және банк туралы жаңа заң жобасы дайындалды. Құжат жеті негізгі бағыттан тұрады. Солардың бірі – халыққа қызмет көрсететін қаржы ұйымдарына талапты күшейту.
Заң жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банк бірге дайындаған. Оған Еуропа қайта құру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры, Oliver Wyman, KPMG, Dentons секілді қаржы ұйымдарының сарапшылары да көмектесті.
Агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, банктер туралы жаңа заң жобасы жеті негізгі бағытты қамтиды.
1. Лицензиялау жүйесін жаңғырту
Жаңа субъектілердің нарыққа шығуын жеңілдететін, бәсекенің күшеюіне ықпал ететін базалық банктік лицензия енгізіледі.
Халыққа қаржылық қызмет көрсететін ұйымдарға қойылатын талаптар күшейтілед...