Шымкент қалалық сотында өтіп жатқан Ернар Жиембайдың ісінде жәбірленуші деп танылған қала әкімінің орынбасары Руслан Берденов онлайн жауап беріп жатыр.
Әуелі сотта жәбірленушінің заңды өкілі Жеңіс Тыныбек сотқа Берденовтің денсаулығына қатысты анықтамалар мен рентгендерін ұсынды. Судья Абинұр Қарабаев Берденовке өз құқықтарын түсіндіріп, Берденов оқиғаның қалай басталғанын айтып берді.
«Жиембайды өмірімде үш рет көрдім. Екі рет жиналыста, үшінші рет атқан кезде», – деді ол.
Берденовтің сөзінше, ол Жиембайды жұмысына қатысты кабинетіне шақырған. Бірақ Жиембайдың қолында ешбір есеп болмаған. Жұмысы туралы ешбір ақпарат бермеген. Ол қала әкімдігіне сәулет және құрылыс бөлімінің инспекторы Асанбай Ахментаевпен бірге келіп, олар...