«Фридом Финанс» АҚ-ның бұрынғы қызметкері Виталий Световойдың әрекетінен зардап шеккен азаматтар оған ақшаны қолма-қол ақшамен жеке шотына өз еріктерімен жібергенін растады. Ақшаны брокерлік компаниядағы клиенттерге ашылған жеке шоттарға аудармағандарын атап өтті, деп хабарлады «Фридом Финанс» АҚ-ның қызметкері әрі зардап шегуші Карина Гайфулина.
«Қайталап айтамын, бұл адамдардың кейбірімен (Виталий – Курсив) Световой 15 жыл, кейбірімен 10 жылдан астам уақыт таныс болған. Оған деген сенімнің соншалық жоғары болғанынан, істеп жатқан ісіне назар аудармаған. Сондықтан да ақшаны берген. Яғни, ол қалай көндіреді? Дәл қазір Polymetal акцияларын сатып ала аласыз деп бәріне ұсынған», – деді ол ҚазТАГ ақпарат агенттігінің алаңында...