Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ пен Ресеймен үшжақты келіссөздерге қатысуға келісіп, Дональд Трамппен болған әңгімесін «мазмұнды» деп атады.
Сонымен қатар, Зеленский алдағы дүйсенбі, 18 тамызда Вашингтонда Трамппен өтетін кездесу туралы хабарлады. Оның айтуынша, АҚШ президентімен «ұзақ әрі мазмұнды» әңгіме болған. Алдымен олар жеке сөйлескен, кейін әңгімеге еуропалық көшбасшылар да қосылған.
Жалпы сөйлесу бір жарым сағаттан астам уақытқа созылып, соның шамамен бір сағаты Трамппен жеке әңгімеге арналды. Зеленскийдің айтуынша, Трамп оған Ресей президентімен кездесуі және талқыланған негізгі тақырыптар жөнінде ақпарат берген.
«Біз Украина – АҚШ – Ресей форматындағы үшжақты кездесу туралы президент Трамптың ұсынысын қолдаймыз», – дед...