Аустралия ғалымдары 480 құсты зерттеп, олардың шамамен 5%-ы жұмыртқа жарып шыққан соң уақыт өте келе жыныс ауыстыратыны анықталды.
Le Figaro ақпаратына қарағанда, Квинсленд штатында жүргізілген зерттеу барысында 480 құс тексерілді. Оның ішінде лорикет, айдарлы көгершін, кукабарра және басқа да құстар бар. Орта есеппен олардың 5%-ында жыныс ауысу құбылысы анықталыпты.
Зерттеуге қатысқан профессор Доминик Потвеннің айтуынша, алғашында бұл мәліметке сену қиын болған. Сондықтан ғалымдар бірнеше рет қайта тексерген. ДНҚ сараптамасы бойынша, аталық құстарда ZZ хромосомалары, ал аналықтарда ZW жұбы болады.
Алайда кейбір құстардың генетикалық жынысы мен репродуктивтік жүйесі сәйкес келмеген.
Көп жағдайда генетикалық аналық құстарда аталық репродуктивтік жүйе болған. Бір...