Қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті жаралаған Ернар Жиембайдың ісі бойынша куәгерлерден жауап алу жалғасып жатыр. Іс бойынша бас куәгердің бірі қала әкімдігінде сәулет және құрылыс бөлімінің инспекторы Асанбай Ахметбаевтан жауап алынды.
Асанбай Ахментаев Жиембайды бір жарым жылдан бері танитынын айтады. Оның сөзінше, 1 сәуір күні Берденов Жиембайды шақырған. 3 сәуір күні Жиембай Руслан Берденовтің қабылдауына «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС жұмысымен таныстыру үшін кірген. Кездесуде Берденов, Жиембай және Ахментаев болған.
«Кірген кезде Берденов Жиембайдың киген киіміне ескерту жасады. Жұмысты таныстыра алмады. Флешка ашылмай қалды. Шығып, қайта реттеп Ернар жұмысты таныстыра бастады. Берденов «жұмыс осы ма» деді. Мен...