Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында куәгерлерден жауап алынып жатыр. Сот отырысында Берденовке бірінші болып көмекке келген Гауһар Нұржанқызы куәлік етті.
Гауһар Нұржанқызы оқ атылған кезде қала әкімдігінің автотұрағында көлікте отырған екінші қыз. Оның сөзінше, оқ атылғанда, отшашу шашылды деп ойлаған. Құрбысы оның денесін жауып, оқ атылды деп полицияға хабарлаған. Оқ ату тоқтағанда, жараланған Берденовтің жанына көмекке барған.
«Біз жараланған адамның алдына (Берденовтің айтады – ред.) барғанда жан-жағында ер адамдар жүрді. Қимылдама, қимылдама деп жатты. Ол кісі үнемі калимасын айтып жатты. Бір кезде есінен тана бастады. Екінші адамды (Жиембайды айтады – ред.) ұстап...