Алматы маңында өткен «Almaty Region Open. Qonaev Cup 2025» халықаралық шахмат фестивалі аясындағы «Masters» турнирін Үндістан өкілі Адитья Миттал жеңіп алды.
Жүлделі орындардың тағдыры соңғы турда шешілді. Гребнев пен Сетураман гроссмейстерлік теңойынға келіскен болса, Матлаков – Амин және Акопян – Миттал партиялары дәл осындай нәтижемен аяқталғанымен, мүлдем басқа сипатта өрбіді. Рейтинг фавориті, мысырлық шахматшы жүлде тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Ал қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс 18 жастағы Адитья Миттал кубоктық хет-трик жасады. Үндістандық гроссмейстер 2023 жылы Қазақстан кубогының Астана және Павлодар кезеңдерінде жеңімпаз болған еді.
Қазақстандық қатысушылар арасындағы ең үздік нәтиже 22 жастағы Рамазан Жалмахановқа тиесілі – ол 5 ұпай жинап, 17-ші орынға ие болды.
Әйелдер арасындағы...