Қазақстан мен Мажарстан жалпы құны 70 млн доллардан асатын 16 жобаны жүзеге асырмақшы. Олардың арасында мажарстандық банктердің филиалдарын ашу, мұнай тасымалын арттыру деген жоспарлар бар. Бұл туралы Сыртқы істер министрі, премьер-министрдің орынбасары Мұрат Нұртілеу айтты.
Бұл жоспарлар Венгрияның сыртқы экономикалық байланыс және сыртқы істер министрімен Петер Сийяртомен кездесуінде айтылды.
«Болашақта Қазақстанда венгр банктерінің филиалдарын ашу, Будапештте мультимодальдық терминал құрылысы, Венгрияға мұнай мен мұнай өнімдерінің тасымалын ұлғайту көзделген. Сондай-ақ жақында құрылатын инвестициялық қор осы жаңа бастамаларға жақсы қолдау болады. Жалпы алғанда елдер арасындағы стратегиялық серіктестік – шығыс пен батысты жалғастыратын алтын көпір. Сауда мен инвестицияға...