2025 жыл басы бір доллар үшін 525,00 теңге деген бағаммен ашылды. Бүгін Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова ұлттық валюта курсына әсер ететін факторлар жайлы түсіндірді.
Теңгеге әсер етуші валюталар
Банк төрағасы орынбасарының сөзінше, қазір теңгеге әсер етіп отырған екі фактор бар. Оның бірі – АҚШ долларының нығаюы.
«Максимум екі жыл ішінде америкалық доллар индексі 108 пунктке жетті. Бұл инвесторлардың америкалық валютаға деген жоғары қызығушылығын көрсетеді. Бірақ әлем бойынша басқа ұлттық валюталардың позициясына теріс әсер етіп отыр», – дейді Молдабекова.
Ал екінші бір әсер етуші фактор – рубльдің динамикасы. Ресейдің Қазақстан сауда...