Желтоқсан айында арнайы комиссия Қазақстандағы ірі 10 банк мек 2 микроқаржы ұйымын тексеруді бастаған. Бұл комиссияға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық банк, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері кірген. Олар қаржы ұйымыны несие берерде салалық заңнаманы қаншалықты сақтап отырғанын тексереді. Сонымен қатар, клиенттердің қаржы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың арыз-шағымдарына қалай жауап беретіні зерделенеді.
Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтың мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында жазылған. Жауап Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясы өкілдерінің сауалына келген.
Мәжіліс депутаттарының сауалы не туралы?
Жалпыұлттық социал-демекратиялық партия депутаттары: Асхат Рахымжанов, Нұрлан Әуесбаев, Ажар Сағандықова, Наурыз Сайлаубай 2024 жылдың 28 қарашасында...