Нұрсұлтан Назарбаев ұзақ жыл бойы ел тізгінін ұстаған уақытта кемшіліктер болды. Отставкаға кеткенімен, саяси сыпайылықты сақтай бермейтін. Осылай деп мәлімдеген Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президенттің әрекеттеріне қатысты ойын айтты. Мемлекет басшысы елде қосарланған билік бар деген әңгімеге де тоқталды.
Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында экс-президентпен қаншалықты жиі хабарласып тұратыны жайында айтты. Тұңғыш президенттің қызметін, оның елге сіңірген тарихи еңбегін әділ бағалау қажеттігін жиі айтатын Тоқаев, бұл пайымын осы жолы да қайталады. Оның сөзінше, кез келген дәуірдің жақсы жағы да, көлеңкелі тұстары да бар.
«Біздің жаңа тарихымызда жарқын сәттер әлдеқайда көп болды. Бұл – ақиқат. Салыстырмалы түрде алғанда, қысқа мерзім ішінде мемлекеттігімізд...