Назарбаев Университеті (NU) бұрынғы ректоры Шигео Катсудың әрекеттері салдарынан бақылаудан тыс қалған активтерді қайтаруға белсенді түрде кіріспек. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Назарбаев Университеті Jusan Bank акциялары ҚР қайтарылғаннан кейін, АҚШ-тағы NGF қорында қалған қаражатты қайтару үшін белсенді шаралар қабылдайды. Қазақстандық тараппен жасалған келісімге сәйкес, бұл қаражат ағымдағы жылы NU мен Назарбаев Зияткерлік мектептерін (НЗМ) қаржыландыруға бағытталуы тиіс болатын,» – деп хабарлады университет.
Айта кетейік, Шигео Катсу 2011-2023 жылдар аралығында Назарбаев Университетінің президенті қызметін атқарған. Университеттің мәліметінше, 2022 жылы ол NGF қорының директорлар кеңесінен Қазақстан өкілдерін шығарып, Jusan Bank тобына бақылау орнатуға тырысқан. Қорды...