Бүгіннен бастап бір ай бойы докторантураға құжат қабылдау жүргізіледі. Құжатты жоғары оқу орындарына тапсырып, ал түсу емтиханына өтінішті testcenter.kz сайты арқылы жолдау керек.
Өтініш беру кезінде абитурент тек тестілеу орнын, яғни қаланы таңдай алады.
Ал тест тапсыратын күн, оның уақыты және мекенжайы туралы ақпарат 9 тамызда жеке кабинеттегі «Менің іс-әрекетім» бөліміне жіберіледі.
Өтінішті қабылдау мерзімі аяқталатын 3 тамызға дейін білім беру бағдарламасының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.
ДТЕ-ға (докторантураға түсу емтиханы) қатысу құны – 21 072 теңге.
Маңызды ақпарат
Тестілеу орталығы TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін...