Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды.
«2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын»,- делінген Ақорда хабарламасында.
Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Президент бұл бастаманы қыркүйек айында өзінің халыққа жолдауында айтқан болатын. Тоқаев өз сөзінде кәсіптік білім беру саласына реформа жасаудың маңыздылығына тоқталып өтті.
«Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса...