Ақтаудағы ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға шетелден Embraer ұшағын өндіруші компанияның өкілдері келеді. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, Ақтауда болған ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанда мынадай ұйымдардың мамандары:
Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік азаматтық авиация агенттігінің делегациясы, сондай-ақ Әзірбайжан әуе жолдарының (AZAL) өкілдері; ұшақ өндіруші Embraer копаниясының өкілдері; CENIPA – Әуе апаттарын тергеу және алдын алу орталығының мамандары келеді.Ал Қазақстанда Көлік министрлігі жанынан Авиациялық оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссия құрылған. «Азаматтық авиациядағы және эксперименттік авиациядағы әуе кемелерінің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді ұсыну және тергеп-тексеру қағидаларына» сәйкес құрылған бұл комиссия шетелден келген мамандармен бірлесіп, тексеру...