Қазақстанның ЕАЭО бойынша кедендік түсімнен алатын үлесі артуы мүмкін. Мәжілісте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бұл мәселенің биік мінберлерде талқыланып жатқанын, оның соңы оң нәтижемен аяқталуы мүмкін екенін айтты.
Жиында депутат Ерлан Барлыбаев соңғы геосаяси жағдайларға байланысты ЕАЭО аумағына кіретін импорттық тауарлардың логистикалық тізбегі өзгергенін, Қазақстанның нарықтағы салмағы арта түскенін атап өтті.
«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында импорттық кедендік баж түсімдерінен ең көп үлесті Ресей алып отыр. Қазіргі таңда одаққа мүше елдердің экономикалық құрылымы өзгерді. Импортталатын тауарлар жеткізілімінің географиялық тізбегі өзгерді. Белгілі жағдайларға байланысты сыртқы экономикалық айналымның басым бөлігі Қазақстан арқылы жүзеге асырылып...