Маңғыстау облысында ірі интернет-алаяқтық схемасы әшкереленді. Полиция департаментіне екі жәбірленуші қазан айында жолығып, күтпеген жерден сан соғып қалғанын мәлімдеп шағымданған.
Оларға бейтаныс адамдар келіп, өздерін ҰҚК мен Ұлттық банк қызметкерлеріміз деп таныстырған. Тұрғындарды әбден сендіріп, ақша жымқырған. Осыдан кейін тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасына кіріскен.
Құзырлы мекемелер атынан келгендер жәбірленушілерден 133 млн теңгені алып үлгерген. Бұл қаражат одан әрі 20-дан астам дроппердің есепшотына түскен. Олардың көбі Алматы қаласындағы ЖОО-ларда оқитын студенттер болып шықты.
21 және 26 жастағы екі күдікті ұсталды. Дропперлердің барлығы осы екеуінің есепшотына ақшаны құйған.
Полиция алаяқтық схемасын одан әрі толық ашып айтпады. Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК, ІІМ...