Қазақстанның аграрлық-индустриялық экономикасы кейінгі 30 жылда біртіндеп күрделеніп, көбінесе аралас құрылым ретінде сипатталатын деңгейге жетті. Алайда Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің негізгі бөлігін тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағыдай өнеркәсіп, сауда, құрылыс және көлік салалары құрап отыр.
Жалпы экономика
1991 жылдан бері Қазақстан экономикасының орташа өсім қарқыны 2,9%-ды құрады. Бұл дамушы елдер үшін аса жоғары көрсеткіш болмады. Алайда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің деңгейіне сай келеді. Айырмашылығы – дамыған елдерде бұл өсім тұрақты болса, Қазақстан бірнеше дағдарыс пен өрлеу кезеңдерінен өтті.
1990 жылдары жалпы ішкі өнім өсімі қазіргі терминологиямен айтқанда «теріс» мәнде болды. 1991-2000 жылдар аралығындағы 10 жылдың алтауында Ж...