Шерзат Полаттың әпкесі Бақыт Реймова елден шығарылса, оның кәмелетке толмаған баласы Мейірбек Реймов асыраушысыз қалуы мүмкін.
Сондықтан адвокат Мейірман Шекеев оның мектепте оқитын баласы бар екенін, басқа асыраушысы жоқ екенін апелляциялық шағымда көрсеткенін айтты.
Митинг өтпесе, оған қалай қатысады?
«Бізде балалар құқығын қорғау туралы комитет бар. Аружан Сайнның орнына келген Динара Болатқызы бар. Оларға хат жолдадым. Олар Оқу-ағарту министрлігінде балалардың құқығын қорғау туралы комитетке және прокуратураға хат жіберді. Енді солардан жауап күтіп отырмыз», – деді адвокат.
Оның пікірінше, Бас прокуратура заңсыздықты көрсе, өздері қарсылық білдіруге тиіс. Сонымен қатар Мейірман Шекеев Бақыт Реймованы...