Қазақстанда 3 млн адам – небәрі 200 мың теңге жалақы алса, ал 1 млн 800 мың азамат ең төменгі жалақы – 85 мың теңгеге күн көріп отыр. Мұндай деректі Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев келтірді.
Депутат 2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуында жүйелі проблемалар мен кемшіліктердің аз болмағанын айтады.
«Президенттің қатаң ескертуіне қарамастан, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордан бюджетті толтыру үшін 5,6 трлн. теңге алынса, биыл тағы 5,3 трлн. жаратылады. Яғни бюджеттің 25 процентін Ұлттық қор арқылы толтырудамыз. Бұл қауіпті әрі оны жақын арада тоқтату мүмкін емес үрдіске айналды»,– деді депутат Парламент палаталарының бірлескен отырысында.