Алматы қаласының Мирас ықшам ауданында құны 9 млрд теңгеден астам тұратын зәулім сарай сатылымға шығарылды.
«Крыша» іздеуі жүйесінде пайда болған ақпаратқа сүйенсек, тұрғын президент саябағы мен Мирас мектебінің жанында орналасқан. Әйгілі «Жайлау» гольф-клубына да жақын тұр.
Айта кетейік, хабарламада тұрғын үйдің картадағы болжамды орны ғана көрсетілген, нақты мекенжай туралы ақпарат жоқ. Алайда тұрғын үйдің аумағы туралы ақпарат бар: 2300 шаршы метр болатын 3 қабатты тұрғын үйдің жер учаскесі 290 соток.
Жария болған суреттерді іздеу жүйесіне салған кезде осы тұрғын үйдің сәулетімен, безендіруіне қатты ұқсайтын ғимарат табылды. Ресей архитекторларын іздеу жүйесінде жария болған суреттерге арнайы түсініктеме берілген.
Түсініктемеде тұрғын үйдің ресейлік сәулетші Александр...