Жұма, 27 маусымға арналған валюта бағамы анықталды. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 1 АҚШ доллары 518,34 теңге тұрады. Бағам айтарлықтай өзгеріске ұшырамады.
Қазақстандағы валюта бағамы
Ұлттық валюта осы аптада шамамен 3 теңгеге нығайды. 23 маусымда ғана доллар 521,7 теңге тұрған.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматы қаласындағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 520,5 теңгеден сатылып, 519 теңгеден қабылданып жатыр. Астана қаласындағы валюта саудасы – 517 және 523.
Криптовалюта
Bitcoin (BTC) құны қайтадан көтеріліп жатыр. Қазір BTC 107,3 мың доллар тұрады. 23 маусымда, Таяу Шығыстағы жағдай қатты ушыққан уақытта, оның құны 98 мың долларға дейін түсіп кеткен еді. Аз уақыттың ішінде Биткоин шамамен 10 мың долларға көтерілді.
Ethereum...