«Қазатомөнеркәсіп» ресейлік серіктесі «Росатомның» кейбір бірлескен кәсіпорындардың құрамынан шыққаны туралы хабарлайды.
«Росатомға» қарайтын «Ураниум Уан Груп» АҚ өзіне тиесілі «Заречное» БК» АҚ-ның акциясының 49,979%-ын сатты. Сатып алушы – SNURDC Astana Mining Company Limited», – деп жазылған компания таратқан хабарламада.
«Заречное» БК» АҚ Түркістанда уран өндірумен айналысатын кәсіпорын.
«Ураниум Уан Груп» АҚ осындай тағы екі кәсіпорынды қытайлық China General Nuclear Power Corporation-ға сатуды жоспарлап отыр. Нақты айтқанда, «Хорасан-U» БК» ЖШС-ның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 30%-ын және «Қызылқұм» ЖШС-ның жарғылық капиталына қатысу үлесінің 30%-ын қытайлық тарапқа бермекші.
«Хорасан-U» Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Солтүстік Харасан кен орнында уран өндіреді. Ал...