Отбасылық жанжалдан соң көпқабатты тұрғын үйдің 3-қабатынан секіріп кеткен әйелдің өлімі бойынша сот үкімі шықты. Істі Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қараған. Сот марқұмның күйеуі 51 жастағы Мұхитжан Сейдуәлиевті Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету» бабымен кінәлі деп танып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сотталушы сотта өз кінәсін мойындағанымен, Kursiv.Media-ға сот үкімімен келіспейтінін жеткізді.
«Сейдуәлиев Мұхитжан Қалдарбекович Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігімен қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – деді судья Сәбит...