Германиялық «Knauf» компаниясы Жамбыл облысында 30 млн долларға зауыт салады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, министрлікке қарасты Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов «Knauf» компаниясының басқарушы серіктестері атынан ТМД елдері бойынша өкілі Александр Блюмхард инвестициялық келісімге қол қойған.
Қандай зауыт салынады?
Бұл инвестициялық жоба бойынша жергілікті шикізатты пайдалана отырып, құрғақ гипс қоспаларын шығару жоспарланып отыр. Зауыт өнімінің 80%-ы ішкі нарыққа бағытталса, 20%-ы ЕАЭО елдері мен Орта Азия елдеріне экспортталмақ.
Жобаға 30,5 млн АҚШ доллар көлемінде инвестиция құйылады; Зауыт қуаты – жылына 225 мың тонна өнімді құрайды; Жоба пайдалануға берілген со...