Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен президенттің БАҚ саласындағы сыйлығы 4 адамға табысталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Олар:
«Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары – Талғат Батырхан; «АЙҚЫН-ЛИТЕР» ЖШС директоры – Талғат Қырықбаев; «Казахстанская правда» газетінің бөлім редакторы – Юлия Магер; «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының шеф-редакторы – Армангүл Тоқтамұратқа берілді.Ал президенттің БАҚ саласындағы гранты:
«Kokshe» телеарнасының шеф-редакторы – Зарина Бекқалиеваға; «Jibek Joly / Silk Way» телеарнасының тілшісі – Күнсая Құрмет-Рахимоваға; «Abay Live» YouTube арнасының авторы – Абай Тіленшиевке; «Тengrinewskz» сайтының тілшісі – Алина Шашкинаға берілді.Айта кетейік, 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні.